Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұл түні оған Жаратқан Ие аян беріп: «Мен әкең Ыбырайым сиынатын Құдаймын. Қорықпа, әрдайым сені көз алдымда ұстап жарылқаймын. Қызметшім Ыбырайым үшін сенің үрім-бұтағыңды өте көп етемін», — деді. Ей, халықтар, қанша ұран салсаңдар да, бәрібір шайқалып құрисыңдар. Жер бетінің алыс түкпірлері, тыңдаңдар! Шабуылға бел байлап қарулансаңдар да, бәрібір күйреп, құрисыңдар. Иә, айқасқа дайындала беріңдер, алайда қырыласыңдар. Кеңесіп жоспар құрып, көп сөз сөйлесеңдер де, бұларың іске аспайды, себебі Құдай бізге жар! Қорықпа, Мен саған жар боламын,Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!Саған қуат беріп көмектесемін,Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін. Олар сенімен күрессе де, сені жеңе алмайды, өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқаратын боламын! Осы уәдені берген Мен Жаратқан Иемін. Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады: «Бүкіл ел қирап қаңырап бос қалады! Дегенмен оны түгелдей қырып-жоймаймын. Түзете гөр мені, уа, Жаратқан Ие, бірақ қаһарланбай әрі әділдікті қолданып түзете гөр, әйтпесе мен мүлдем құрып кетермін! Мен саған жар болып, сені құтқарамын, — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Сені араларына шашыратып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртып жоқ қылмаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалаймын. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: — Біліп қойыңдар, Менің назарым күнәға батқан Солтүстік Исраил патшалығына бағытталған. Оны жердің бетінен құртамын. Алайда Мен Жақыптың үрім-бұтағын толығымен жойып жібермеймін, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Мен әмір бергенде, Солтүстік Исраилдің халқы бидай іспетті шайқатылып електен өткізіледі. Олар барлық халықтардың арасына шашырап тарап кетеді, әрі електің ішіндегі бірде-бір ұсақ тас (бидаймен бірге) өтіп, жерге түспейді.
Выбор основного перевода