Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін ол Келісім кітабын алып, халыққа дауыстап оқып берді. Олар:— Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін орындап, мойынсұнатын боламыз, — деп жауап қайырды. Содан Мұса қанды алып, оны халыққа бүркіп тұрып:— Бұл — Жаратқан Иенің осы айтылған сөздердің бәрі бойынша өздеріңмен жасаған Келісімін бекітетін қан, — деді. Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой. Мұса Келісімнің айғақтарын екі тас тақтайшаны алып келіп, Келісім сандығының ішіне салды да, сандықтың шығыршықтарынан сырықтарды өткіздіріп, оның үстіне қақпақты қойғызды. Сендер Хориб тауының маңында Құдайларың Жаратқан Иенің алдында тұрған күнді естеріңе түсіріңдер. Сонда Жаратқан Ие маған мынадай тапсырма берді: «Халықты Менің алдыма жина. Олар өмір бойы Мені терең қастерлеуді үйрететін және өз балаларына да сондай тәрбие бергізетін сөздерімді естісін!» Жаратқан Ие сендерге Өзінің Келісімін жариялап, орындауға бұйырған Он өсиетін айтты да, оларды екі тас тақташаға жазып берді. Сол кезде Жаратқан Ие маған былай деп тапсырды: «Бұрынғы екеуіндей етіп тағы екі тас тақташа қашап жасап ал. Содан кейін таудың басына Менің алдыма көтеріліп кел. Бір ағаш сандық та жасап дайындауың керек. Мен жаңа тақташаларға өзің сындырып тастаған алғашқы тақташалардағы сөздерді жазып қоймақпын. Содан кейін тақташаларды сандыққа салып қой». Сонда мен аққараған ағашынан сандық жасап дайындадым, әрі тастан бұрынғылардай екі тақташа қашап жасап алдым. Тақташаларды қолыма ұстап, тау басына көтерілдім. Жаратқан Ие бұрын жазған Он өсиетті осы тақташаларға қайталап жазды. Сендер тау етегінде жиналған күні Жаратқан Ие сол Он өсиетті тау басындағы от ішінен сендерге жариялап айтқан болатын. Жаратқан Ие тас тақташаларды маған табыстаған соң, мен тау басынан төмен түстім. Бұдан кейін сол екі тақташаны Жаратқан Иенің берген нұсқауы бойынша өзім жасаған Келісім сандығының ішіне салып қойдым. Қазір де олар сонда жатыр. Сол жерде алтын жалатқан түтету үстелі және жан-жағынан алтынмен қапталған Келісім сандығы орналасқан еді. Сол үстелдің үстінде Құдайға арнап хош иісті заттар өртеліп түтетілетін.Сандықтың ішінде Келісімнің куәліктері: манна деген керемет тағам салынған алтын құмыра, Һаронның бүр жарған таяғы және он өсиет жазылған екі тас тақташа сақталатын.
Выбор основного перевода