Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал қахаттықтарға Мұса еш көлік бермеді, себебі олардың қызметі — киелі жиһаздарды өз иықтарымен көтеріп алып жүру болды. Сонымен Мұса (пайғамбар) осы Таурат заңын жазып қойды. Оны Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүретін леуілік діни қызметкерлерге және Исраилдің күллі рубасыларына тапсырып, халыққа мына нұсқауды берді: «Леуілік діни қызметкерлердің Құдайларың Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп бара жатқанын көрген кездеріңде сендер де жиналып, олардың соңдарынан ілесіңдер! Ешуа діни қызметкерлерге: «Келісім сандығын көтеріп, халықтың алдында жүріңдер», — деп нұсқау берді. Олар Келісім сандығын алып, халықтың алдына түсті. Содан діни қызметкерлер мен леуіліктер Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің Келісім сандығын Иерусалимге өрлеп барып алып келу үшін тазару рәсімінен өтті. Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай, леуіліктер Құдайдың сандығының бақандарын иықтарымен көтеріп алып жүрді.
Выбор основного перевода