Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан кейін патша мен жиналып тұрған бүкіл халық Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалды. Сүлеймен патша жиырма екі мың мүйізді ірі қара мен жүз жиырма мың қой-ешкіні құрбандыққа ұсынды. Осылайша патша мен бүкіл халық киелі үйді Құдайға бағыштау рәсімін орындады. Діни қызметкерлер міндеттеріне сәйкес өз орындарында тұрды. Леуілік әнші-күйшілер Жаратқан Иенің Дәуіт патша жасатып берген саз аспаптарын қолдарына алды. Дәуіт патша көзі тірісінде осы аспаптарды жасатып, оларды леуіліктерге Тәңір Иені мадақтап, Оған шүкірлік еткен кездерінде ойнататын. Өйткені «Жаратқан Ие сондай ізгі, мәңгі ұласады Оның мейірімі!» Енді леуіліктердің қарсы алдында тұрған діни қызметкерлер кернейлерін тартып, бүкіл Исраил халқы да сол жерде Жасаған Иені даңқтап тұрды. Сүлейменнің қоладан жасатқан құрбандық үстелі шалынып, өртелетін құрбандықтарды, майлы бөліктер мен астықтан жасалатын сый-тартулардың барлығын сыйғыза алмай қалды. Сондықтан патша Жаратқан Иенің киелі үйінің алдындағы ауланың ортаңғы бөлігіне ерекше тазарту рәсімін жасатып, оны да сол мақсатқа бағыштады. Осылай бұл жерде де толығымен өртелетін құрбандықтар, астық тартуларды және майлы бөліктер өртеліп ұсынылды. Осы кезде Сүлеймен жеті күн бойы мейрам тойын жасады. Тойға бүкіл Исраил халқы солтүстіктегі Лебо-Хаматтан Мысырмен шекарадағы өзенге дейінгі аралықтағы барлық жерден жиналған қалың қауым болып қатысты. Сегізінші күні олар тағы да салтанатты жиналыс өткізді. Себебі жеті күн бойы құрбандық үстелін Жаратқан Иеге бағыштау рәсімдерін орындағаннан кейін халық және жеті күн бойы Күркелер мейрамын тойлады. Жетінші айдың жиырма үшінші күні Сүлеймен халықты үйлеріне қайтарды. Бәрі Жаратқан Иенің Дәуіт пен Сүлейменге және халқы Исраилге жасаған игіліктеріне қуанғаннан жүректері лүпілдеп қатты риза болды. Сонда Исраилдің бүкіл халқы: діни қызметкерлер, леуіліктер және Бабылға жер аударылудан қайта оралғандардың бәрі де жиналып, Құдайдың киелі үйін Оған зор қуанышпен бағыштады. Олар Құдай үйінің бағышталу рәсіміне арнап бір жүз жас бұқа, екі жүз қошқар, төрт жүз тоқты шалды. Сонымен қатар олар бүкіл Исраил халқы үшін күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде Исраил руларының санына сәйкес етіп он екі теке шалып ұсынды. Осылай әр ру үшін бір текеден құрбандыққа шалынды.
Выбор основного перевода