Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса перғауыннан қаланың сыртына шығып, қолын Жаратқан Иеге қарай жайып сиынды. Сонда күн күркіреуін, бұршақ жаууын доғарып, жаңбыр да тиылды. Жаратқан Иеге бағышталған құрбандық үстелінің алдында қолдарын көкке көтеріп, тізерлеп отырған Сүлеймен Жаратқан Иеге арнаған осы мінажаты мен өтініш-тілектерінің бәрін айтып бітірген соң, орнынан тұрды. Содан соң Сүлеймен Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелінің алдында тұрып, жиналған бүкіл Исраил қауымының алдында қолдарын жайып Тәңір Иеге сиынды. Патша қола мінбе жасатып, ауланың ортасына орнатқызған еді. Мінбенің ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақ болды. Соның үстінде тұрған патша күллі исраилдіктердің көз алдында тізесін бүгіп, қолдарын аспанға қарай жайып Содан кешкі құрбандық кезінде қатты қайғырып, көйлегім мен шапанымның өңірі жыртылған күйі орнымнан тұрдым. Қолдарымды көкке, Құдайым Жаратқан Иеге қарай жайып Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Сонымен ер адамдардың әр жерде адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын.
Выбор основного перевода