39
Ақыры патша өтіп бара жатқанда, пайғамбар оған айқайлап, былай деді:— Уа, тақсыр ие, алдыңыздағы құлыңыз шайқасқа қатысқан еді. Сонда бір адам маған қолға түскен жауды тапсырып: «Мынаны күзете тұр! Егер ол қашып кетсе, оның жаны үшін сенің жаның алынады немесе ат басындай күміс айып төлейсің!» деген болатын.