Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Содан Дәуіт Жаратқан Иені бүкіл жамағаттың алдында мадақтап былай деді:«Уа, Жаратқан Ие, арғы атамызИсраил сиынған Құдайымыз,Мәңгі Саған арналсын мақтауымыз! Ертеңіне Езекия патша ерте тұрып, қаланың барлық әкімдерін Жаратқан Иенің үйіне ертіп алып келді. Мұнан кейін Ешуа, Қадмиел, Бани, Хашабнея, Шеребиях, Ходия, Шебаниях және Петахиях есімді леуіліктер жамағатқа тіл қатып былай деді: «Орындарыңнан тұрып, Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар! Ол мәңгілік болып келген әрі мәңгілік бола береді!» (Содан олар былай деп мінажат етті:)«Сенің есімің мадақтала берсін, ол барлық мадақ пен даңқ атаулыдан жоғары! Исраилдің Құдай Иесі мадақталсын,Мәңгіліктен мәңгілікке Ол даңқталсын,Барша халық мақұлдап «Аумин!» десін!Лайым Жаратқан Ие дәріптелсін! «Исраилдің сиынатын ҚұдайыМадақталсын: оның Жаратқан Иесі!Құдай таңдап алған халқына келеді,Оны құтқарып алып азат етеді!
Выбор основного перевода