Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Қызметшім Дәуітке барып, оған хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: Жер бетіндегі тұрағым болу үшін сен Маған арнап үй салмақсың ба? Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Сонда Дәуіт Натанға былай деді:— Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым, соны мойындаймын! — Натан пайғамбар оған:— Онда Жаратқан Ие күнәңді кешірді. Сен өлімге бұйырылмайтын болдың. «Өзіңіз білетініңіздей, әкем Дәуіт өзінің сиынған Құдайы Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үйді сала алмай кетті, себебі оған қарсы жан-жақтан соғыс жүргізіліп отырды. Жаратқан Ие жауларын табанының астына салып бергенге дейін киелі үйді тұрғызу мүмкін болмады. Жаратқан Ие әкем Дәуітке былай деп уәде еткен: «Сенің орныңа ұлыңды патшалық тағыңа отырғызамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болады». Соған сәйкес менің Құдайым Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үй тұрғызатын ниетім бар.
Выбор основного перевода