Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Құдайларың Жаратқан Ие өз есімін орнату үшін қандай жерді таңдап алса, сол жерге мен сендерге тапсырып отырған нәрселердің бәрін әкеліңдер: өртелетін сый-тартуларыңды, шалынып өртелетін құрбандықтарыңды, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін, арнайы тартуларыңды және өздерің Жаратқан Иеге ант етіп бағыштаған бағалы заттарыңды алып келіңдер! «Мен халқымды Мысырдан құтқарып, бастап алып шыққан күннен бері өз есімімнің орнығуы үшін киелі үй салынсын деп Исраилдің ешбір руындағы бірде-бір қаланы таңдамадым. Ал халқымды басқаруға Дәуітті таңдап алдым!» — Уа, Ием, мендей қызметшіңнің және өз халқың Исраилдің жалбарыныштарына назар аудара көрші! Олар Саған сиынып Сенен көмек сұраған кездердің бәрінде дұғаларына жауап бере көрші! Бұл жолы Жаратқан Ие Сүлейменге былай деді:— Маған бағыштаған мінажатың мен өтініш-тілектерің құлағыма жетті. Сен салған мына үйді Менің есімім сонда әрдайым орнықсын деп Өзіме бағыштадым. Оны ұдайы жүрегімде ұстап, көзімнен таса қылмаймын. Бұдан былай осы жерде айтылатын мінажаттарға көзім ашық, құлағым түрулі болады. Қызметшілерің — Исраилдің үрім-бұтағы үшін күні-түні Өзіңе сиынып отырған мендей құлыңның дұғаларына құлағыңды түріп, назарыңды аудара гөр! Исраилдің үрім-бұтағы — біздер Саған қарсы жасаған күнәларымызды мойындаймыз. Менің өзім де, шыққан әулетім де күнә жасадық. Даниял мұны білсе де, бұрынғыдай күніне үш рет үйінің жоғарғы бөлмесіне көтеріліп, Иерусалимге қарай ашық тұрған терезенің алдына баратын. Сол жерде ол бұрын да істегеніндей тізерлеп отырып, сиынатын Құдайына мінажат етіп, Оны мадақтауын жалғастыра берді.
Выбор основного перевода