Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерге Өзім қарсы шығамын, сонда жауларыңнан жеңіліп қаласыңдар. Өздеріңді жек көретіндер сендерге билігін жүргізетін болады. Тіпті ешкім арттарыңнан қумаған кезде де үрейленіп қашатын боласыңдар. Ал тірі қалғандарың жау елінде өздерінің және ата-бабаларының теріс қылықтарының кесірінен әлсіреп құритын боласыңдар. Сонда араларыңнан тірі қалғандар өздерінің және ата-бабаларының теріс қылықтарын әрі Маған қарсы шығып опасыздық жасағандарын мойындайды. Жаратқан Ие сендерді жауларыңа жеңілдіреді. Оларға қарсы бір жолмен аттансаңдар, жеті жолмен кері қашатын боласыңдар. Жер бетіндегі барлық патшалықтар үшін қорқынышты көрініске айналасыңдар.
Выбор основного перевода