Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүлеймен Жаратқан Иенің Келісім сандығын Сион төбесіндегі Дәуіттің шаһарынан киелі үйге көшіруге арналған салтанатқа қатысуға Исраил халқының ақсақалдарын, барлық рубасылары мен әулет басшыларын Иерусалимге шақырды. Бүкіл Исраилдің адамдары жетінші айдағы Күркелер мейрамының кезінде патшаның қасына жиналды. Елдің барлық ақсақалдары жиналғаннан кейін леуіліктер Келісім сандығын тұрған орнынан көтеріп алып кетті. Олар Келісім сандығымен бірге киелі шатырды және соның ішіндегі барлық жиһаз-жабдықтарды да көтеріп алып, жаңа ғибадатханаға қарай өрлеп бара жатты. Бұларды діни қызметкерлер мен өзге леуіліктер алып жүрді. Сүлеймен патша мен қасына жиналған күллі исраилдіктер Келісім сандығының алдында ешкім санап шыға алмайтындай көптеген қой-ешкі мен мүйізді ірі қара малдарды құрбандыққа шалып ұсынды. Осылайша діни қызметкерлер Жаратқан Иенің Келісім сандығын киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіндегі өз орнына — екі керуб мүсінінің қанаттарының астына алып барып, орналастырды. Екі керуб мүсіні Келісім сандығы тұратын орынның үстінен қанаттарын жайып, Келісім сандығының өзін және оны көтеріп алып жүру үшін сандыққа бекітілген сырықтарын жауып тұрды. Сырықтардың ұзын болғаны сонша, олардың ұштары ең қасиетті бөлменің алдынан көрініп тұратын еді. Алайда киелі үйдің сыртынан оларды ешкім көре алмайтын. Сырықтар әлі күнге дейін сонда. Келісім сандығының ішінде Мұса пайғамбар Хориб тауында салған екі тас тақташа ғана болды. Жаратқан Ие сол жерде Мысырдан көшіп шыққан исраилдіктермен Келісім жасасқан еді. Алайда Дәуіт Сион төбесіндегі қорғанды басып алып үлгерді; ол қазір «Дәуіттің шаһары» деп аталады. (Сонымен Дәуіттің адамдары су құбырымен өрмелеп, қамалға кіріп, оны жаулап алды.) Дәуіт қорған ішіне орналасып алып, оны «Дәуіттің шаһары» деп атады. Кейін ол соның саты тәрізді беткейінен бастап ішке қарай айнала үйлер де салдырды. Осылай Жаратқан Иенің Келісім сандығы әкелініп, Дәуіт арнайы тігіп қойған шатырдың ішіне орнатылды. Содан соң Дәуіт күнәнің құнын өтеу құрбандықтарын және ризашылық құрбандықтарын шалғызып, Жаратқан Иенің алдында өртетіп ұсынды.
Выбор основного перевода