Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол жер бетіндегі барлық халықтардың Жаратқан Иенің зор құдіретін білулері үшін және сендер Құдайларың Жаратқан Иені құрметтеулерің үшін осылай істеді». Бүгін Жаратқан Ие сені қолыма түсіреді. Сені өлтіріп, басыңды шауып тастаймын, әрі філістір әскерінің өліктерін жыртқыш құс пен аңға жемтік қылып беремін. Сонда бүкіл әлем Исраилде (шынайы) Құдайдың бар екенін білетін болады! Осылайша бүкіл жер бетінің халықтары Жаратқан Иенің шынымен Құдай екенін, Одан басқа ешбір құдайдың жоқ екенін білетін болсын! Ал енді, уа, Құдайымыз Жаратқан Ие, бізді сол адамның қолынан құтқара гөр! О, Жаратқан Ие, сонда бүкіл дүниенің патшалықтары жалғыз Сенің шынайы Құдай екеніңді білетін болады». Құлдарың Сионның тастарын ұнатады,Шаң-тозаңы аяныштарын оятады. Әлемнің Иесі мынаны да айтады: «Болашақта басқа халықтар мен көптеген қалалардан адамдар Иерусалимге келетін болады. Сол кезде бір қаланың тұрғындары басқа бір қаланың халқына барып: Жүріңдер, тезірек барып, Жаратқан Иенің мейірімін сұрайық! Әлемнің Иесіне бет бұрып сиынайық! Біз өзіміз сонда бара жатырмыз, — дейді. Көптеген халықтар мен күшті ұлттар Әлемнің Әміршісі Жаратқан Иеге сиынып рақым етуін өтіну үшін Иерусалимге келетін болады». Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: «Сол күндері әрбір яһудалық адамның киімінен әр түрлі тілдер мен ұлттардың он адамы ұстап алып: Құдайдың сендерге жар болып, сендермен бірге екенін естігенбіз. Өзіңмен бірге баруға рұқсат ете көрші, — деп жалынатын болады».
Выбор основного перевода