Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Ал егер адамның құрбандығы ант етілген немесе (өз еркімен ұсынылған) тарту болса, соның еті құрбандық шалынған күні желінсін, ал оның қалған етін келесі күні де жеуге болады. Бұл үшеуі бас діни қызметкер Хелкияға барып, оған ғибадатхананың қақпаларын күзетіп тұрған леуіліктер жинаған күмісті тапсырды. Осы күмісті Манаса мен Ефрем руларының және Солтүстік Исраилдің елде қалған басқа адамдарының бәрі әрі бүкіл Яһуда, Бунямин және Иерусалимнің халқы Құдайдың киелі үйіне арнап әкелген болатын. Леуіліктер Жаратқан Иенің киелі үйіне арналып ұсынылған күмісті қазына қоймасынан алып шыққан осы кезде бас діни қызметкер Хелкия Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған Таурат заңының кітабын тауып алды.
Выбор основного перевода