Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Діни қызметкерлердің Бабыл елінен қайта оралғандары: Едаях, Ехоярип, Яхин, Азариях. Азариях Хелкияның ұлы, Мешуламның немересі, Садықтың шөбересі, Мерайоттың шөпшегі, Ахитұбтың неменесі еді. Ахитұб Құдайдың ғибадатханасының басқарушысы болған. Адаях Ерохамның ұлы, Пашхурдың немересі, Малқияхтың шөбересі, ал Мағасай Адиелдің ұлы, Яхзераның немересі, Мешуламның шөбересі, Мешілемиттің шөпшегі, Имердің неменесі еді. Әулет басшысы болған діни қызметкерлердің саны: мың жеті жүз алпыс болды. Олардың барлығы қолдарынан іс келетін, Құдайдың ғибадатханасында жұмыс атқарған адамдар еді. Дәуіт леуіліктерді Герсон, Қахат және Мераридің ұрпақтары бойынша топ-топқа бөліп те қойды. Патша әкесі Дәуіт марқұмның нұсқауларына сәйкес діни қызметкерлерге топ кезектері бойынша міндеттерін жүктеді. Ол өзге леуіліктерге мадақтау қызметін жүргізуді және күнделікті мұқтаждық бойынша діни қызметкерлерге көмектесуді тапсырды және қақпашыларды өз топтарына сай ғибадатхананың әр қақпасына бекітіп қойды. Патша осының бәрін Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес істеді.
Выбор основного перевода