7
Ахаб патша:— Елімізде Жаратқан Иенің еркін сұрап білуімізге болатын әлі де бір адам бар, Имелах ұлы Миқая. Бірақ оны жек көремін. Ол мен туралы әрдайым жақсы емес, тек жағымсыз пайғамбарлық сөздерді ғана айтады. — деп жауап қайырды. Ал Жосапат былай деп өтінді:— О, патша, солай дей көрмеңіз. (Оның да не айтарын тыңдап көрейікші.)