Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жаратқан Иеге түгелдей өртелетін құрбандық ретінде екі жас бұқа, бір қошқар, бір жылдық жеті еркек тоқты әкеліңдер. Олардың барлығы да мінсіз болсын. Яһуда патшасы Езекия жиналған халық үшін құрбандыққа шалуға мың өгіз бен жеті мың қой, ал әміршілер тағы да мың бұқа мен он мың қой-ешкі берген болатын. Бұл жолы діни қызметкерлер көптеп тазару рәсімінен өтіп қойған еді. Патша күн сайын азанда және кешке шалынып, өртелетін құрбандықтар үшін, сондай-ақ демалыс күндері, әр айдың алғашқы күніндегі мейрамда және Жаратқан Иенің Таурат заңында белгіленген басқа да мейрамдарда шалынып, өртелетін арнайы құрбандықтар үшін де өзінің отарлары мен табындарынан мал бөліп қойды.
Выбор основного перевода