Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жақып халқына шешімдеріңді жеткізеді,Исраилге Таурат заңыңды үйретеді,Алдыңда хош иісті заттар түтетеді,Үстеліңде шалынған құрбандықты өртейді. Сүлеймен исраилдіктер Мысыр елінен көшіп шыққаннан кейін төрт жүз сексен жыл өткенде, өзінің Исраилге патшалық құрған төртінші жылының сәуір айында Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылысына кірісті. Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай, леуіліктер Құдайдың сандығының бақандарын иықтарымен көтеріп алып жүрді. Сондықтан леуіліктерге Жаратқан Иенің кездесу шатырын және қызметте қолданылатын құралдар мен бұйымдарды енді қайтып тасып алып жүрудің қажеті болмайды». Ұзақ уақыт бойы Исраил халқы шынайы Құдайдан алыс жүрді. Олардың тәлім беретін діни қызметкері де, Таурат заңы да болған жоқ. Жіберілгендер Жаратқан Иенің Таурат заңының кітабын алып, Яһуда елінде солардан тәлім бере бастады. Осылайша олар бүкіл Яһуда елін аралап, халыққа Таураттағы ережелерді үйретіп шықты. Бұдан кейін Ешуа, Бани, Шеребиях, Ямин, Ақуб, Шабтай, Ходия, Мағасиях, Келита, Азариях, Жозабад, Ханан және Пелаях есімді леуіліктер сол жерде тұрған халыққа Таурат заңын түсіндіріп берді. Халық Таурат заңының сөздерін тыңдап тұрғанда еңіреп жылай берді. Ал аймақ әкімі Нехемия, діни қызметкер әрі дін мұғалімі Езра және халыққа тәлім беріп жатқан леуіліктер оларға: «Бұл күн — Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті күн. Бүгін қайғырып жыламаңдар!» — деп ескертті.
Выбор основного перевода