Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Исраилдің барлық қауымына мынаны айтыңдар: әрбір отағасы осы айдың оны күні жанұясы үшін бір тоқтыдан арнап бөлек қойсын. оларға былай деп тіл қатты:— Уа, леуіліктер, сөзіме құлақ салыңдар! Ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иеге бағышталып тазару рәсімінен өтіңдер. Содан кейін Оның ғибадатханасын тазартыңдар. Осы киелі орынды арамдайтын нәрселердің бәрін де шығарып тастаңдар! Олар бауырларын жинап алып, бәрі тазару рәсімінен өтті. Бұдан кейін патша әмір еткендей, Жаратқан Иенің еркіне сай Оның ғибадатханасын тазартуға кірісті. Патша, оның уәзірлері және Иерусалимнің бүкіл мәжілісі мейрамды екінші айда өткізу жайлы ақылдасты. Себебі діни қызметкерлердің тазару рәсімінен өткендерінің саны жеткіліксіз болды, оның үстіне халық та Иерусалимге жиналып үлгермеген еді. Жосия Иерусалимде Жаратқан Иенің құрметіне Құтқарылу мейрамын да өткізді. Соған арналған тоқтылар бірінші айдың он төртінші күні құрбандыққа шалынды. Діни қызметкерлер мен леуіліктердің барлығы да тазару рәсімінен өтіп қойған болатын. Леуіліктер қайта оралған халықтың бәрі үшін де, өз руластары — діни қызметкерлер және өздері үшін де Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды.
Выбор основного перевода