Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жосия патша марқұмды жоқтамаңдар, ол үшін жылап аза тұтпаңдар! Қайта, басқа жаққа айдалып әкетілген (Шаллум) патша үшін қайғырыңдар, өйткені ол енді қайтып туған еліне келмейді де, оны көрмейді де. Себебі Жаратқан Ие әкесі Жосияның орнын басқан, енді Мысырға жер аударылып кеткен Шаллум туралы мынаны айтады: Ол мұнда ешқашан қайта оралмайды! Уа, Иерусалим халқы, Ливанға көтеріліп шығып, айқайла! Башанның тауларынан да даусыңды шығарып, Моабтағы Абарим қыратынан да айқай сал! Себебі көңілдес одақтастарыңның барлығы талқандалды! Сеніп едік Жаратқан тағайындаған патшамызға,Бірақ ол да түсті жаудың тұзақтарына.Былай деп едік: «Патшаның қол астындаТірі қалармыз өзге ұлттар арасында».
Выбор основного перевода