Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутуннің кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау: Асафтың ұлдарынан: Зақур, Жүсіп, Нетаниях, Ашарелах. Асаф өз ұлдарына жетекшілік етті. Асафтың өзі Дәуіт патшаның басқаруымен ерекше көңіл күйіне еніп мадақтау жырларын айтатын. Едутуннің ұлдарынан: Ғодалиях, Сери, Ишая, Шимей, Хашабиях, Мататиях; барлығы — алтау. Оларға әкесі Едутун жетекшілік етті. Оның өзі жетігенде ойнағанда ерекше көңіл күйіне еніп Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік білдіретін. Хеманның ұлдарынан: Буқиях, Маттаниях, Ұзиел, Шебуил, Еримот, сондай-ақ Хананиях, Ханани, Әлиата, Ғидалти, Ромамти-Езер, әрі Жошбеқашах, Малоти, Хотир, Махазиот. Осылардың бәрі де патшаның пайғамбары Хеманның ұлдары болатын. Себебі Құдай Өзінің Хеманның абыройын көтеремін деп берген уәдесін жүзеге асырып, оған он төрт ұл мен үш қыз сыйлаған еді. Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды. Қақпа күзетшілерінің осы топтары өздерінің әулет басшыларының есімдерімен аталды. Олар өздерімен рулас басқа леуіліктер сияқты Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет атқаратын. Әрбір қақпадағы күзетшілер өз әулеттері бойынша тағайындалды. Олар қызметке жастарының үлкен-кішілігіне қарамай, жеребе арқылы анықталатын. Шығыс жақтағы қақпаны күзету үшін жеребе Мешелемияхқа (және оның тобына) түсті. Оның ұлы Зәкәрия үшін жеребе тасталғанда ол (өзінің тобымен бірге) Солтүстік қақпаны күзететін болды. Зәкәрияның ақыл-парасаты ерекше еді. Оңтүстік қақпаны күзету үшін жеребе Ғабит-Едомға (және оның тобына) түсті. Ғабит-Едомның ұлдарына қоймаларды күзету де тиді. Батыс жақтағы қақпа мен жоғарғы жолдағы Шаллехет қақпасын күзету міндеті үшін жеребе Шупим мен Хосаға түсті.Қақпаны күзету топтары кезектесіп, қызметтерін бірінен кейін бірі атқарып жүрді. Әр күні шығыс жақты алты, солтүстік жақты төрт және оңтүстік жақты төрт леуілік күзетші күзетіп қорғайтын. Қойманы күзетуге леуіліктер әрқашан екі-екіден тағайындалатын. Батыс жақтағы кіреберіске баратын жолдың бойында төрт күзетші, ал кіреберістің өзінде екі күзетші болатын. Қорах пен Мерариден тараған қақпа күзетшілерінің топтары осылар еді.
Выбор основного перевода