Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Алдымен жас бұқалар құрбандыққа шалынды. Діни қызметкерлер солардың қанын құрбандық үстеліне бүркіп шашты. Мұнан соң қошқарлар, кейін тоқтылар шалынып, олардың да қаны құрбандық үстеліне себілді. Ал діни қызметкерлер аз болып, олар шалынып, өртелетін құрбандықтардың терілерін сыдырып үлгіре алмады. Сондықтан басқа діни қызметкерлер тазару рәсімінен өтіп болғанға дейін, рулас бауырлары, леуілік қызметшілер, оларға жұмыстарын бітіргенше көмектесе тұрды. Бұлар тазару рәсімінен өтуге діни қызметкерлерден гөрі көбірек көңіл бөлетін еді. Жосия Иерусалимде Жаратқан Иенің құрметіне Құтқарылу мейрамын да өткізді. Соған арналған тоқтылар бірінші айдың он төртінші күні құрбандыққа шалынды. Қазір Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалу керек. Сендер Жаратқан Иеге бағышталып тазару рәсімінен өтіп, Оның Мұса арқылы жіберген ережелеріне сәйкес құрбандық тоқтыларды елдестерің үшін дайындаңдар!» — деді. Діни қызметкерлер мен леуіліктердің барлығы да тазару рәсімінен өтіп қойған болатын. Леуіліктер қайта оралған халықтың бәрі үшін де, өз руластары — діни қызметкерлер және өздері үшін де Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды.
Выбор основного перевода