6
Діни қызметкерлер міндеттеріне сәйкес өз орындарында тұрды. Леуілік әнші-күйшілер Жаратқан Иенің Дәуіт патша жасатып берген саз аспаптарын қолдарына алды. Дәуіт патша көзі тірісінде осы аспаптарды жасатып, оларды леуіліктерге Тәңір Иені мадақтап, Оған шүкірлік еткен кездерінде ойнататын. Өйткені «Жаратқан Ие сондай ізгі, мәңгі ұласады Оның мейірімі!» Енді леуіліктердің қарсы алдында тұрған діни қызметкерлер кернейлерін тартып, бүкіл Исраил халқы да сол жерде Жасаған Иені даңқтап тұрды.