Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені олар Өзіңнің меншікті халқың ғой, Сен Өзің оларды темір балқытатын көрік іспетті Мысыр елінен бастап алып шықтың. Сен оларды жер бетіндегі басқа барлық халықтардың арасынан Өзіңнің меншікті халқың болуға таңдап алғансың. Біздің ата-бабаларымызды Мысырдан бастап алып шыққан кезіңді осыны өз қызметшің Мұса арқылы айтқансың, уа, Жаратушы Тәңір Ие!» Ал Жақыптың үрім-бұтағына жар болушы Құдай олар сияқты емес: Ол — барлық нәрсенің, соның ішінде Өзінің меншікті халқы Исраилдің Жаратушысы. Оның есімі — Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода