Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көк пен жер, ден қойып тыңдаңдар, Жаратқан Ие сөйлеп тұр. Ол былай дейді: «Мен балалар асырап алып, өсірдім. Алайда олар Маған қарсы шығып, бас көтерді. — Яһуда елінің қалалары мен Иерусалимнің көшелерінде өздерің мен ата-бабаларың, патшаларың мен әміршілерің және елдің бүкіл халқы жалған тәңірлерге түтетіп ұсынған хош иісті заттарың туралы Жаратқан Ие есінде сақтап, назарында ұстамайтын ба еді? Жаратқан Иенің сендердің зұлым әрі жексұрын іс-әрекеттеріңе деген шыдамы шегіне жеткен еді. Сондықтан елдерің қарғалып, қорқынышты да масқара көрініске айналып, қазіргідей қаңырап бос қалды. Сендер бөгде тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп ұсынып Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадыңдар. Оның даусына құлақ аспадыңдар, Оның Таурат заңына, ережелері мен бұйрықтарына бағынған жоқсыңдар. Мына апаттардың бастарыңа келуі де дәл сол себептен. Содан халқына қарсы қаһарланды Жаратқан,Әбден жиренді Өзінің меншікті халқынан.
Выбор основного перевода