Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иеге сиынып былай дедім: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Сен өз ұлылығыңмен құтқарып, құдіретті қолыңмен Мысырдан алып шыққан осы халқыңды, Өзіңнің меншігіңді, құрта көрме! Өз қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпты есіңе ала гөр! Осы халықтың қыңырлығына, зұлымдығына және жасаған күнәсіне назар аудара көрме! Әйтпесе Сен бізді алып шыққан Мысыр елінің адамдары: «Өзі антпен уәде еткен елге оларды алып бару Жаратқан Иенің қолынан келмегендіктен, әрі оларды жек көргендіктен, айдалада өлтіру мақсатымен елімізден алып шықты» деп табалап жүрер. Ол патша былай деп мақтанады: «Мен сол істерді өз қолымның күшімен әрі өз көрегендігіммен жүзеге асырдым, себебі ақылды да парасаттымын! Мен халықтардың шекараларын алып тастап, қазыналарын талан-таражға салдым. Өз құдіретіммен тақ иелерін құлаттым. Жаратушы Тәңір Ием, мықты құтқарушымсың,Шайқас күні басымды дулығадай қорғадың.
Выбор основного перевода