Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен айтып болған соң олар соған еш нәрсе қоспайтын, себебі берген ақылым оларға ұнайтын. Олар мені жаңбырды күткендей тағатсыздана күтетін. Көктемгі жаңбырды тосқан шаруалар сияқты ауыздарын ашып сөздерімді сіміретін. Игілікті болсын патшаның билігі:Қайта қаулата өсірген шабындықтыАспаннан жауған көктемгі жаңбырдай,Иә, топырақтың шөлін қандырған нөсердей. Аспаннан жауған жаңбыр мен қар аспанға бекер қайта оралмайды. Керісінше, олар жерді суарып, көгертіп, дақылдарды өсіріп шығарады да, диқанға себуге тұқым, халыққа жеуге нан береді. Менің аузымнан шыққан сөзім де соған ұқсайды: ол нәтиже берместен Өзіме қайта оралмайды. Керісінше, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады». Сонда Жақыптың үрім-бұтағының тірі қалғандары көптеген халықтар арасында Жаратқан Иенің жерге түсірген шығына және шөпке жаудырған нөсеріне ұқсайды. Олар ешкімге бағынбай, адам баласынан тәуелсіз болады.
Выбор основного перевода