Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қайта, сендер жауларыңды өкшелеп қуып, семсерлеріңнің жүзімен қырып-жоятын боласыңдар. Бесеуің — жүз, ал жүзің — он мың жауды қуатын боласыңдар. Жауларың алдарыңда семсерлеріңнің жүзінен ойсырай жеңіліп, қырылатын болады. Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты тонаушылардың қолына бере салды. Солар исраилдіктердің мал-мүліктерін зорлап тартып алып отырды. Жаратқан Ие халықты айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіргендіктен, соларға қарсы тұруға Исраилдің қауқары жетпейтін болды.
Выбор основного перевода