Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол сендерді осы ұлан-ғайыр да үрейлі иен дала, улы жыландар мен шаяндар жорғалаған сусыз, қуаң аймақ арқылы Өзі жетелеп алып өтті. Дәу шақпақ тастан Ол сендерге су ағызып берді. Көз қарашығыңдай мені сақтай көрші,«Қанатыңның астында» тасалай көрші. Сен баспанамсың пәледен сақтайтын,Құтқарылғаныма қуана ән шырқаймын». «Құдайсыз жан көп қасірет шегеді,Ал Жаратқанға сенімін артқан пенденіОның берік рақымы қоршай береді. Олар былай деп сұраған жоқ: «Бізді Мысыр елінен бастап алып шыққан Жаратқан Ие қайда екен? Ол бізді қуаңшылық пен қара түнек жайлаған, шөл далалары мен шұңқырлары бар, ешкім аяқ баспайтын да, мекендемейтін де құла түзбен жетелеп алып жүрді емес пе?!» Себебі бір даңқты кезеңнен кейін Әлемнің Иесі мені өздеріңді тонаған халықтарға жіберіп, мынаны айтты: «Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені!
Выбор основного перевода