Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халық бөгде тәңірлерге табынды,Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,Жексұрын пұттармен қаһарландырды, Себебі Бағаса мен оның ұлы Ила жасаған барлық күнәларымен және өздерінің түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып, Исраил халқын да осы күнәға еліктіргендерімен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызған еді. Тыңдаңдар: алыстағы елден халқымның зарлаған даусы естіледі:— Жаратқан Ие Сионда жоқ па екен?! Оның Патшасы енді шаһарда жоқ болғаны ма? — Жаратқан Ие:— Өздерінің жасанды мүсіндерімен, түкке тұрғысыз бөгде тәңірлерімен олар неге Менің ашуымды қоздырды? — деп жауап қайтарды. Онда мен: «Мүмкін Исраил халқы түсінбеген шығар?» деп сұраймын. Тіпті басқа ұлттық адамдар оны түсінді ғой! Мұса пайғамбар мұны бірінші болып Құдайдың мына тәрізді сөздерімен алдын ала айтты: «Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылы сендердің қызғаныштарыңды оятамын. Иә, өздерің түсінігі жоқ деп санайтын өзге халықпен сендерді ашуландырамын!»
Выбор основного перевода