Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейінірек Жаратқан Ие сендерге бола маған да ашуланып: «Сен де сол елге кірмейсің! Бірақ Писга тауының басына шығып, батыс пен солтүстікке, оңтүстік пен шығысқа көз тастайсың. Сонда елге көз тігіп жақсылап қарап ал. Себебі өзің Иорданның арғы жағына өтпейсің. Мұнан кейін Мұса Моабтың елсіз алқаптарынан Иерихонның қарсысындағы Небо тауына, Писганың басына шықты. Сол жерде Жаратқан Ие оған бүкіл елді: Ғилақадтан сонау Данға дейінгі аралықты, Нафталим руының қоныстанар жерінің бәрін, Ефрем мен Манасаның аймақтарын, Яһуданың барлық жерін батыстағы Жерорта теңізіне дейін, оңтүстіктегі Негев даласын әрі құрма ағаштары өсетін Иерихон қаласы орналасқан алқаптан Соғар қаласына дейінгі бүкіл өңірді көрсетті.
Выбор основного перевода