Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақыра отырып былай деймін: егер осылай істейтін болсаңдар, сендер қазір Иорданның арғы жағына өтіп, иемденгелі тұрған елден жуырда-ақ аластатыласыңдар. Онда ұзақ өмір сүрмей, еш шүбәсіз қырыласыңдар. Құдай көк пен жерді куәлікке шақырады,Өзі таңдаған халқын соттауға барады: Көк пен жер, ден қойып тыңдаңдар, Жаратқан Ие сөйлеп тұр. Ол былай дейді: «Мен балалар асырап алып, өсірдім. Алайда олар Маған қарсы шығып, бас көтерді. Уа, ұлттар, жақындап келіп тыңдаңдар! Уа, халықтар, құлақ салыңдар! Жер де, онда тұратындардың бәрі де, әлем де, онда туылғандардың барлығы да тыңдап тұрсын!
Выбор основного перевода