Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Біліп алыңдар енді, Менің Өзім,Жалғыз Өзім ғана (шынайы) Құдаймын,Менен басқа құдай болмас дәйім!Өмірді алар яки қайтарар Өзіммін,Жаралап, жараны жазар да Менмін,Құтқара алмайды өз қолымнан ешкім. Сен «мәңгілік патшайым боламын» деп, Менің халқымның шеккен азабына көңіл бөлмедің. Мұның ақырының не боларын ойламадың да. Сендер тыңдамасаңдар, мен тәкаппарлықтарыңа бола оңашада жылайтын боламын. Көз жасым көл болып ағады, себебі Жаратқан Иенің халқы тұтқындалып, айдалып кетеді. Патша мен оның шешесіне мынаны жеткізіңдер: Тақтарыңнан түсіңдер, өйткені салтанатты тәждерің бастарыңнан құлап түсті. Аза тұтып жатқан адамдарды жұбатып, нан үзіп беретін де, тіпті өлген әке-шешесін еске алғанда жұбаныш сусынын құйып беретін де ешкім болмайды. Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. Жау айналды қаланың қожайынына,Бірақ жағдай жақсы қарсыластарында.Қаланың күнәлары тым көп болғаннанҚайғыға ұшыратты оны Жаратқан,Халқын жау айдап әкетті қаладан. (Ей, Иерусалим,) сенің тотығың — өз азғындығың. Мен сені қаншама тазартқым келсе де, сен тазарудан бас тарттың. Сондықтан, Менің қаһарым саған толығымен қанағаттанбайынша, сен тазара алмайсың. — Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің құтқара алатынын білсең ғой шіркін! Бірақ қазір мұны ұға алмайсың.
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода