Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. Сендерге сол халықтардың арасында да тыныштық болмайды. Аяқтарың дамыл таппай ел кезетін боласыңдар. Жаратқан Ие сендерге дірілдеп үрейленген жүрек, көз жасын төгіп, көруден қалған көз және үміті үзіліп торыққан көңіл береді. Өмірлерің қыл үстінде тұрып, күні-түні елегізіп қорқатын боласыңдар, амандықтарыңа сенімдерің болмайды. Айналаларыңда болып жатқан нәрселерді көріп, жүректеріңді қорқыныш жайлап, таңертең: «Тезірек кеш батса екен!», ал кеште: «Тезірек таң атса екен!» деп тілейтін боласыңдар. Осы кезде жау қала қабырғасының бір жерін тесіп, ішке кірді. Сонда (Седекиях пен) барлық яһуди жасақшылары қашып кетуге тырысты. Бабылдық әскер қаланы қоршап тұрғанмен, олар түн ішінде патша бағының маңында екі қабырғаның арасында орналасқан қақпадан сытылып шықты. Содан олар Иордан алқабындағы елсіз далаға қарай бет алды. Алайда Бабыл әскері патшаның соңынан аттанып, оны Иерихонның маңайындағы елсіз далада қуып жетті. Седекияхтың бүкіл жасағы оның қасынан бытырап кеткен болатын. Оңтүстіктегі Негев аймағының қалалары жабылып, қақпаларын ашатын ешкім болмайды. Себебі Яһуда халқы түгелдей басқа жаққа әкетіліп, бәрі де жер аударылатын болады. — Бар да, Хананияхқа былай де: Жаратқан Ие саған мынаны айтады: Ағаш мойынтұрықты сындырған едің, енді оны темір мойынтұрыққа айналдырдың. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Мен барлық осы халықтардың мойнына темір мойынтұрық кигізіп, оларды Бабыл патшасы Набуходоносорға басыбайлы қызмет етуге мәжбүрледім. Содан олар оған сөзсіз қызмет ететін болады! Мен тіпті даланың жабайы аңдарын да оған бағынышты етемін. Сол жерде Бабыл патшасы оларды өлімге бұйырды.Осылайша Яһуда халқы өз елінен басқа жаққа жер аударылып кетті.
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода