Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Қызметшімді шақырсам, жауап бермейді, оған тіпті жалынып өтінуім қажет! Терім қарайып, тілініп кетті. Бүкіл денем безгектен күйіп тұр. Күндерім түтіндей лезде жоғалады,Сүйектерім от шоғындай маздап жанады. Исраил сиынған Киелі Құдай, оның жарық Нұры, лаулаған от пен жалынға ұқсап бір-ақ күнде Ассурдың тікенді бұталарын әрі жантақ, ошағанын өртеп жібереді: Жұбаныш іздегенде бойымды қайғы билеп алды, жүрегім сыздап ауырады. Ал «Бұдан былай Оның хабарын есіме алып, Оның атынан сөйлемеймін» десем, онда Жаратқан Иенің сөзі жүрегімде жанып жатқан от сияқты, сүйегімнің ішіне қамалған шоқ іспетті болады. Оны ішімде ұстаудан қатты шаршадым, тіпті ұстай алмаймын да. Сол себепті Менің лап еткен қаһарым Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелеріне төгіліп, оларды қазіргі қирап, қаңырап бос жатқан күйлеріне айналдырды. Ием қатты қаһарланып, ИсраилдіңТалқанын шығарды, барлық күштерінің.Жау шапқанда Тәңір құдіретті қолынЕш созған жоқ бізді қорғау үшін.Ол лапылдаған оттай түкпір-түкпірінЖалмап тұр Жақыптың бүкіл елінің. Сосын Мен, Жаратқан Ие, оған арнап тор құрып, ол торыма түседі. Оны Бабылға, халдейлердің еліне, алып барамын. Алайда ол оны көрмей-ақ, сол жақта өледі. Ал Мен олар барған кезде үстеріне торымды тастаймын. Оларды аспанда ұшып жүретін құстар сияқты жерге түсіріп, жиындарында сөз болған қылықтарына сәйкес жазалап түзетемін. Естігенде жүрегім дүрсілдей соқты,Зор гүрілден еріндерім қалтырады,Сүйектерім әлсіреп, күштен айырылды,Аяқ астым қалш-қалш етіп шайқалды.Ал бізді тонап, талан-таражға салғанЕлдің өзі апатқа ұшырап жатқанКүнді шыдамдылықпен тосатын болам.
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода