Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Жас жігіт пен бойжеткен, емшектегі баланы,Ақ қырау басын шалған қарияны,Барлығын далада семсер өлтіреді,Үйде үрей билеп үміттерін үзеді. Жан дүнием азан-қазан болып, еш тыншымайды, басыма қиын-қыстау күндер туды. Жүрегімнің қайғысы молайып келеді,Қиыншылықтан азат етсеңші мені. Сол себепті жан дүнием Моаб елі үшін әрі жүрегім ондағы Кир-Хәрес қаласы үшін қайғылы әуен тартқан жетігендей зарлайды. — Жаным-ай, жаным-ай! Аурудан бүрісіп қиналып жатырмын! Жүрегім толқып дүрс-дүрс соғып тұр. Үнсіз қала алмаймын. Өйткені кернейдің шабуылға шақырғанын, әскердің атой салғанын естіп тұрмын. Зор күнәсінен қала арамданып қалды,Соңында не боларын ол еш ойламады.Сондықтан да қала қатты құлдырады,Оны жұбататын ешкім де болмады.«Назар салшы азабыма, уа, Жаратқаным, —Дейді ол, — Тым мақтанады қас дұшпаным!» Бүкіл халқы нан іздеп аһ ұруда,Азық үшін бар дүние-мүлкін сатуда.(Иерусалим:)«Қорланғаныма назар салшы, уа, Жаратқан!» Халқым құрып, бала мен бөбектің көшелердеАштан өліп жатқандарын көргенімде,Төгілген жасымнан талды көздерім де,Жаным қиналды, ақтарылғандай боп жерге. Аштықтан өліп жатқандардан гөріСемсерден қаза тапқандарға игі.Болмағанда жейтін азық-түліктеріАдамдар зор азаппен қалжырап өледі. Қала сыртында семсер, ішінде індет пен ашаршылық: даладағылар семсерден қаза тауып, қаладағылар ашаршылық пен індеттен қырылады. Естігенде жүрегім дүрсілдей соқты,Зор гүрілден еріндерім қалтырады,Сүйектерім әлсіреп, күштен айырылды,Аяқ астым қалш-қалш етіп шайқалды.Ал бізді тонап, талан-таражға салғанЕлдің өзі апатқа ұшырап жатқанКүнді шыдамдылықпен тосатын болам. Аспан денелері орындарынан қозғалғандықтан, адамдар қорқып, әлемге төнетін апаттарды күтіп естерінен тана үрейленетін болады.
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода