Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Сырымды Саған ақтарған кезімдеМынау бірден түседі менің есіме:Мен көпшілікті жетелеген едім,Құдайдың үйіне қарай өрледім,Мейрамдаған халықпен бірге жүрдім,Шат-шадыман болып шүкірлік еттім. Енді мен Жан досымның атынан Оның жүзімдігі жайлы жырын айтып берейін:Досымның жүзімдігі құнары асқанҚыраттың беткейіне орналасқан. Досым оның топырағын қопсытып,Тазартты барлық тастардан арылтып,Таңдаулы бұталарды отырғызып,Күзетуге мұнара салды қойып.Жүзім шырынын таптап сығуға арнапШұңқыр да жасап қойды әктастан қашап.Содан тәтті жемістің шығуын күтті,Жүзімдер бірақ ащы болып шықты! Сол себептен Досым мынаны айтады:«Ал, кәне, Иерусалим тұрғындары,Сондай-ақ Яһуда азаматтары,Бақша мен Өзімнің арамыздағыДауымызға төрелік айтыңдаршы: Баққа Мен істемеген не қалып еді?Мен одан тәтті жүзім күткенімде,Неліктен ол сондай ащы өнім берді? «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: өздеріңді Менен кеңес сұрауға жіберіп отырған Яһуда патшасына былай деңдер: Перғауынның сендерге көмекке шыққан жасағы көп ұзамай өз елі Мысырға қайта оралады. Уа, Моаб халқы, сендер де Исраилді мазақ қылмап па едіңдер? Ол туралы айтқан сайын мысқылдап бас шайқайтындай, Исраил халқы қарақшылардың арасында (ұрлық жасап жатқан жерінде) қолға түсті деп ойлайсыңдар ма? Бекерге көмек іздеп көзіміз талды.Мұнарадан тостық құтқара алмайтын халықты. Жаратушы Тәңір Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің киелі үйім арамданып, Исраил елі күйреп, халқым Яһуда тұтқындалып, жер аударылғанда «Әп, бәлем! Өзіне де сол керек!» деп табалап мазақтадыңдар. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ей, Аммон халқы, сен Исраил елін жек көргеннен қолдарыңды шапалақтап, аяқтарыңмен жер тепкілеп, оны табалап күлдің. Исраил халқының мұралық жері қаңырап бос қалғанда сен қуанған едің. Енді Мен де саған дәл солай істеймін. Сен қаңырап бос қаласың, ей, Сейір тауы, әрі бүкіл Едом елі! Сонда бәрі де Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Сол себепті Мен мерзімінде пісетін өнімім мен мезгілінде дайын болатын жүзім шырынымды, әрі оның жалаңаш тәнін жабатын жүнім мен зығырымды сол опасыздан алып қоямын. Бауырыңның басына күн туғанда сен қарап тұра бермеуің керек еді! Яһуда елі қырғынға ұшырағанда оны табалап мәз болмауың керек еді! Олар қатты қиналған күндері сенің мақтанбауың керек еді! Халқым сондай апатқа ұшырағанда, соның қақпасына басып кірмеуің керек еді! Халқым азап шеккен күні бақытсыздығына қарап мәз болмауың керек еді! Сол қиын-қыстау күні халқымның дүние-мүлкін талан-таражға салмауың керек еді! Сонда ол ақылға келіп, ішінен былай дейді: Әкемнің соншама көп жалшысы нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым.
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода