Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Жаратқан Ие сол кездері Бабыл, Арама, Моаб және Аммон елдерінен Яһуданы шабуылдауға тонаушылар топтарын да жіберіп жүрді. Осылай болады деп Жаратқан Ие бұрын өзінің пайғамбарлары арқылы алдын ала айтқан болатын. Бұл пәле, әрине, Манаса патшаның жасаған барлық күнәларының кесірінен Жаратқан Иенің еркімен Яһуданың басына түсті. Жаратқан Ие халықты Өзінің көз алдынан аластатпақ болды. Өйткені Манаса патша кезінде күнәға батып, әр түрлі зұлым істер істеген болатын. Оның үстіне Манаса жазықсыздан-жазықсыз қан төгіп, Иерусалимді кінәсіз төгілген қанға толтырды. Жаратқан Ие Манасаның осы жексұрын қылмыстарын кешіруді қаламады. Толғатып, тұңғышын босанайын деп жатқан әйелдің айқайындай айқай естіп тұрмын. Бұл ентігіп, демін ала алмай жатқан Иерусалимнің айқайы. Ол қолдарын жайып: «О, қасірет! Сорладым! Жан алғыштардың алдында дәрменсізбін!» — деп түңілді. Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. Иерусалим күнәға терең батып,Осылай жексұрын болды арамданып.Бұрын оны құрметтеп сыйлағандар даАбыройының ашылғанын табалауда,Ал өзі сырт бұрылып, аһылауда. Зор күнәсінен қала арамданып қалды,Соңында не боларын ол еш ойламады.Сондықтан да қала қатты құлдырады,Оны жұбататын ешкім де болмады.«Назар салшы азабыма, уа, Жаратқаным, —Дейді ол, — Тым мақтанады қас дұшпаным!» Жасақшыларымды Ием менсінбеді,Жас ерлерімді құртуға қол жинап әкелді.Жүзімнің сыққышта тапталатыны секілдіСүйікті Яһуда халқын таптай берді. Сондықтан жылап, көз жасымды төгудемін,Жұбатып, маған күш беретін жоқ ешкім.Жау жеңіп, күйреді халқым менің».(Пайғамбар:) Жұрт естісе де ауыр күңіренгенімді,Жұбататын ешкім жоқ қасіретімді.Жауларымның барлығы басыма түскенҒаламат азабым туралы естіген,Сенің солай істегеніңе жұрт көңілденген!Сен алдын ала айтқан сот күнің келсін,Олар да мен сияқты бола берсін!
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода