Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Ал Сионның халқы былай деген еді:— Құдайым мені ұмытып, тастап кетті! — (Жасаған Иенің жауабы мынау:) Жаратқан Ие таңдап алған халқына былай дейді: «Мен Өзім сені жұбатып, сүйенішің боламын. Қалай сен ажалды пендеден шошынып, адам баласынан қорқасың? Ол солып қалатын шөп секілді өткінші емес пе? «Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Шешесінің бөбегін жұбатқанындай, Мен де сендерді жұбатпақпын. Иерусалимде жұбаныш табасыңдар. Сендер тыңдамасаңдар, мен тәкаппарлықтарыңа бола оңашада жылайтын боламын. Көз жасым көл болып ағады, себебі Жаратқан Иенің халқы тұтқындалып, айдалып кетеді. Енді оларға мына хабарды жеткіз: «Күні-түні көз жасым ағылып тоқтамасын! Себебі ежелде пәк қызымдай болған Менің халқым қатты соққы жеп, ауыр жарақаттанды. Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. Зор күнәсінен қала арамданып қалды,Соңында не боларын ол еш ойламады.Сондықтан да қала қатты құлдырады,Оны жұбататын ешкім де болмады.«Назар салшы азабыма, уа, Жаратқаным, —Дейді ол, — Тым мақтанады қас дұшпаным!» Жан сала халқың Тәңір Иеге үн қатады,Өзің де, көзің де тыншымай, уа, Сион қамалы,Күні-түні өзендей қып ағыз көз жасыңды!
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода