Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Аяңдаршы мені, аяңдаршы, достарым-ау! Мені Құдайдың Өзі ұрып-соқты. Енді неге қоршаған дуалын қираттың?Қасынан өткеннің бәрі жұлды жемісін, Сондықтан азалы киім киіп, еңіреп жыла! Өйткені Жаратқан Иенің лаулаған қаһары бізден бетін аударып әкеткен жоқ. Сондықтан оның жері қиратылып, басқа халықтар оны ысқырып, келекелейді. Сол жермен өткен-кеткендердің бәрі аңтарыла жандары түршігіп, бастарын шайқайтын болады. Қара да тұр, Жаратқан Иенің қаһары дауылдай буырқанып, құйын сияқты зұлымдардың басына шүйілейін деп жатыр! Жаратқан Ие жүрегіндегі ой-ниеттерін толығымен орындап болмайынша, Өзінің лаулаған қаһарынан қайтпайды. Алдағы уақытта сендер мұны түсінесіңдер. Уа, Моаб халқы, сендер де Исраилді мазақ қылмап па едіңдер? Ол туралы айтқан сайын мысқылдап бас шайқайтындай, Исраил халқы қарақшылардың арасында (ұрлық жасап жатқан жерінде) қолға түсті деп ойлайсыңдар ма? (Пайғамбар:)Жаратқан Ие Сион халқын қалайшаӨз қаһарының бұлтымен тұмшалауда!Исраилдің даңқты ұлылығын ӨзіАспаннан жерге лақтырғандай етті!Қаһарын ашық білдірген сол күніИеміз ешқандай мүсіркемедіАяғының тұғыры — киелі үйді. Жаратқан Ие Жақыптың жеріндегіБар үйлерді аяусыз құртып жіберді.Ол ашуланып, Яһуда еліндегіҚамалдарын бұзып тастап бүлдірді,Патшалықты әрі әміршілердіАрамдап аяқасты етіп жіберді. Ием қатты қаһарланып, ИсраилдіңТалқанын шығарды, барлық күштерінің.Жау шапқанда Тәңір құдіретті қолынЕш созған жоқ бізді қорғау үшін.Ол лапылдаған оттай түкпір-түкпірінЖалмап тұр Жақыптың бүкіл елінің. Жаратқан мергендей тартты садағын,Оң қолымен қыруға тұрды дайын.Ол қас жауы сияқты халқымыздыңҚұртып жіберді қымбат жастарын.Жаратқан Қыз Сионның шатырыныңҮстіне оттай төге берді қаһарын. Жаратқан Ие қарсыласқа айналды,Түгел жұтып жібергендей Исраилді.Бар сарайының күл-талқанын шығарды,Бекіністерін жермен-жексен қылды.Қыз Яһудаға қайғылы жоқтау айттырды. Өзінің киелі үйін Ол қираттыБақшадағы күркені күйреткен сияқты,Халқының мейрамға жиналған жерін құртты.Ием Сионға өзінің мейрамдарыМен діни демалыс күндерін ұмыттырды.Қатты ашуланған Ол тіпті патшаныАяған жоқ әрі діни қызметкерді. Тәңір Ие өз құрбандық үстеліненБезіп кетті әрі киелі үйінен.Ол Сион шаһарындағы сарайлардыДұшпандарының қолына тапсырды.Солар Жаратқанның ғибадатханасындаМейрам болып жатқандай айқай салуда. Жаратқан Ие Сион шаһарыныңҚамалын да бұзуды жоспарлаған.Ол өлшеуіш жіп тартып, түгел құртамынДеп, қайтқан жоқ ойына алғанынан.Бар бекіністер мен қабырғаларданҚаладағы түк қалмады сондықтан. Жан-жақтан апат шақырдың тойға жиған сияқты,Ием, қаһарлы күніңде ешкім қашып құтылмады,Мәпелеп өсіргендерімді жау құртып тастады». Өзіңнің бізге және билеушілерімізге айтқан сөздеріңді жүзеге асырып, бізді ғаламат апатқа душар еттің. Иерусалимнің басына түскендей ауыр апат бұрын-соңды аспан астында болған емес. Себебі сол уақытта әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі.
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода