Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие қояды сауалын:«Тәңірсымақтары олардың қайда екен?! Шалған құрбандықтарының майын жеген,Сұйық тартуларының шарабын ішкен,Өздеріне медеу тұтып сеніп жүрген«Сондай берік жартастары» қайда екен?!Тұрсын олар, сендерге көмектессін,Бас сауғалайтын паналарың болсын! Өздерің таңдап алған тәңірсымақтарыңа барып жүгініңдер! Бастарыңа пәле түскен кездеріңде солар құтқарсын! — Неліктен сен жүрген жолдарыңды оп-оңай өзгерте саласың? Ассурдың өзіңді масқара қылғанындай, Мысыр да сені масқараға қалдыратын болады. Сол жерден де бұғауланған екі қолыңды басыңа қойып алып жер аударылып кетесің. Себебі сенің сенім артқан одақтастарыңнан Жаратқан Ие теріс бұрылып, олардан еш пайда көрмейсің». Байлар қызметшілерін суға жібергенде, олар құдықтарға барып, су таба алмайды. Бос ыдыстарын көтеріп, абыржып, күдерлерін үзген олар бастарын жауып қайтып келеді. Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, Өзімнің атымнан хабарларын жеткізіп жүрген пайғамбарлар туралы мынаны айтамын: Мен оларды жіберген емеспін. Бірақ олар: «Бұл елге не семсер, не ашаршылық жуымайды!» деп жариялап жүр. Расында дәл осы пайғамбарлардың өздері семсерден қаза тауып, аштан өледі! Көңілдес одақтастарыңның бәрі сені ұмытып, естеріне еш алмайды. Кінәң тым ауыр, күнәларың тым көп болғандықтан, Мен сені жау соққы бергендей соғып, қатыгез адамның жазалағанындай жазаладым. Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. Бүкіл халқы нан іздеп аһ ұруда,Азық үшін бар дүние-мүлкін сатуда.(Иерусалим:)«Қорланғаныма назар салшы, уа, Жаратқан!» Жерде үнсіз отыр Сионның ақсақалдары,Азалы киініп, бастарына топырақ шашты.Ұялып бас иіп жүр Иерусалим қыздары. Сәбилер: «Тамақ, сусын қайда?» — деп аналарына,Жаралы адамдай көшелерде талықсуда,Жан тапсырады аналарының құшағында. Тұр да айқайла, уа, Сион, түнгі күзет басталғанда,Тәңір алдында жүрегіңді ақтар әр көше басында!Аштан өлер халқың үшін қолыңды жай жалбарына!(Иерусалим:) «Қарашы, Ием, қай халыққа істедің мұндайды,Туып-өсірген балаларын әйелдер жалмайды!Қызметкер, пайғамбар өз киелі үйіңде құриды! Шибөрі күшіктерін қамқорлап емізеді,Ал халқым шөлдегі түйеқұстай қатыгезденді. Сәбилер шөлдеп, тілі таңдайына жабысқан,Жалынып жатқан оларға беруге жоқ еш нан. Таңдап тамақ жегендер көшеде қалжырауда,Сәнді киініп өскендер қи-көңде құруда. Сол себепті Мен мерзімінде пісетін өнімім мен мезгілінде дайын болатын жүзім шырынымды, әрі оның жалаңаш тәнін жабатын жүнім мен зығырымды сол опасыздан алып қоямын.
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода