Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Параллельные места
Егер олар Сенің алдыңда күнә жасаса, себебі күнә жасамайтын пенде жоқ, әрі Сен оларға қаһарланып, жау қолына бере салып, жау оларды өзінің не алыс, не жақын бір еліне айдап әкетсе, Әйтсе де Мен басыңа қиыншылық түсіремін. Сонда еңіреп жылайсың. Ал қала қанмен былғанған құрбандық үстеліне ұқсайды. Сонда сен құлап түсіп, жерде жатып сөйлейтін боласың. Сенің сөздерің өзің жатқан шаң-тозаңнан естілмек. Даусың тіпті көрдегі аруақтың сыбырына ұқсамақ. Сонда тәнің ашылып, жұрт ұятыңды көреді. Осылай сені еш аямай жазалаймын!» (— дейді Жаратқан Ие.) Осының бәрі менің басыма неліктен түсті деп іштей толғансаң, біліп қой: Жасаған ауыр күнәларыңның кесірінен жауыңның сені зорлап, абыройыңды төгуіне жол берілді. Сондықтан да абыройыңның төгілуіне Өзім түрткі боламын. Көңілдес одақтастарыңның бәрі сені ұмытып, естеріне еш алмайды. Кінәң тым ауыр, күнәларың тым көп болғандықтан, Мен сені жау соққы бергендей соғып, қатыгез адамның жазалағанындай жазаладым. Сионға апаратын жолдар қайғыруда,Өйткені келер ешкім жоқ мейрамдарына,Қаңырап бос тұр оның қақпалары да,Діни қызметкерлер күңірене жоқтауда,Қызметші қыздары қайғырып жылауда,Оның өзі де қатты қиналуда! Жау айналды қаланың қожайынына,Бірақ жағдай жақсы қарсыластарында.Қаланың күнәлары тым көп болғаннанҚайғыға ұшыратты оны Жаратқан,Халқын жау айдап әкетті қаладан. Бүкіл халқы нан іздеп аһ ұруда,Азық үшін бар дүние-мүлкін сатуда.(Иерусалим:)«Қорланғаныма назар салшы, уа, Жаратқан!» Сион қол созса да, жоқ жұбатушылары,Ал Жаратқан Ие былай деп бұйрық шығарды:«Жақып елін қоршауға алсын дұшпандары!»Олар үшін Иерусалим арам затқа айналды.(Иерусалим:) Менің қанша азап шегіп келгенімеАударшы назарыңды, уа, Жаратқан Ие!Мен саған бағынбай, қарсы шыққандықтан,Жан дүнием менің алай-дүлей болған,Жүрегім де әбден тынышсызданған.Жол бойы семсер халқымды жалмауда,Үйлердің ішіне де ажал таяуда! Жұрт естісе де ауыр күңіренгенімді,Жұбататын ешкім жоқ қасіретімді.Жауларымның барлығы басыма түскенҒаламат азабым туралы естіген,Сенің солай істегеніңе жұрт көңілденген!Сен алдын ала айтқан сот күнің келсін,Олар да мен сияқты бола берсін! Бар сұмдығы әшкереленсін алдыңда,Мені жазаладың көп күнәма бола,Дәл солай жазалай гөр оларды да!Көп аһ ұрып, жүрегім қан жылауда». біліп қой: Мен өзіңмен бірге рақаттанған ашыналарыңның барлығын, өзіңе сүйкімдісін де, жек көрініштісін де жинап аламын. Оларды жан-жақтан саған қарсы жинап әкеліп, олардың көзінше сенің киімдеріңді сыпырып шешіп тастаймын. Сонда олар жалаңаш тәніңді түгелдей көретін болады. Сені бұрынғы ашыналарыңның қолына тапсырамын. Олар сенің табыну орындарыңды құлатып, биіктеу жерлеріңдегі құрбандық үстелдеріңді қиратады, әрі киімдерің мен қымбат әшекейлеріңді сыпырып алып, сені тыр жалаңаш қалдырады. Олар сені жек көре отырып саған қарсы іс-әрекет жасайды. Жауларың сенің істеген істеріңнің жемістерін түгелдей тартып алып, өзіңді тыр жалаңаш қалдырады. Осылайша сенің масқара жезөкшелігің, жалаңаштығың және опасыздығың барша жұртқа мәлім болады. Халықтың: «Мынау менің ашыналарым берген сыйлықтар» дейтін жүзім бұталары мен інжір ағаштарын құртып, қалың тоғайға айналдырамын. Сонда жабайы аңдар олардың жемістерін жеп қояды. «Сол күні Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің тұрғындарына оларды күнә мен арамдықтан тазартатын қайнар көз ашылады».
Плач Иеремии
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода