Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Болашақта Жақыптың үрім-бұтағы —Исраил халқы қайта тамыр жаяды.Гүлдейді олар әлі бүршік жарады,Жемісімен жердің бетін толтырады». Сонда Менің халқым тыныш мекендерде тұрып, үйлері қауіпсіз әрі жанға жайлы болады. Мен көзден таса, қараңғы жерден құпиялап сыбырлаған емеспін, әрі Жақыптың ұрпақтарынан Өзіме бекерге бет бұрып, бой ұсынуын талап етпедім. Қайта, Мен, Жаратқан Ие, нағыз шындықты айтамын және анық паш етемін. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл үрім-бұтағын ақтап, олар Оны мақтан тұтатын болады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Мен мейірім көрсететін кезімде саған жауап беремін, халқымды құтқаратын күнім келгенде сені қолдап-қорғап жүремін. Өзіңді халқым үшін Келісімімнің кепілі етіп белгілеймін. Осылай Мен мына уәдемді бекітемін: ойран болған Исраилдің жерін қалпына келтіріп, оны халқыма қайтадан үлестіріп беремін. Сен айқайлап көмек сұрағанда, жинап алған тәңірсымақтарың сені құтқарып көрсін! Бірақ олардың барлығын жел айдап әкетіп, аузымның лебі жоқ қылады. Ал Мені паналағандар елді иеленіп, Өзіме бағышталған Сион тауында мәңгі тұратын болады».
Выбор основного перевода