Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ шақырсам да, тыңдаудан бас тарттыңдар,Құшағымды жайсам да, назар аудармадыңдар, Осылай семсерім аспандағы күштерді қырып тастайды. Бұдан кейін ол Едомды, Өзім жойылуға арнаған халықты шабады, (— деп ескертеді Жаратқан Ие). Иә, Жаратқан Иенің семсері құрбандыққа шалынған қой-ешкілердің қанына малынып, солардың майына және қошқарлардың бүйрек майына малынып, тойған іспетті. Себебі Жаратқан Ие Едом жерінің Босора қаласында құрбандық шалғандай үлкен қантөгіс жасамақ. Мен ашуға мініп, зұлым халықтарды таптадым. Оларды қаһарыммен мас қылып теңселтіп, қандарын жерге төктім. Сол себепті Мен де оларды аяусыз жазалауды таңдап алдым. Өздері қатты қорқатын азаптарды бастарына түсіремін. Себебі Мен шақырғанда ешқайсысы жауап бермеді, Мен тіл қатқанда олар сөзіме құлақ аспады. Қайта, көз алдымда зұлымдық жасап, Маған ұнамайтын нәрселерді таңдап алды». Ал енді, осындай күнә жасап жүргендеріңде Мен сендерге қайта-қайта ескерттім, бірақ сендер тыңдамадыңдар! Мен шақырдым, бірақ жауап бермей қойдыңдар! Рехап ұлы Жонадаб өзінің ұрпақтарына шарап ішпеуді өсиеттеген еді. Олар оның өсиетін қазірге дейін орындап, бабаларының айтқанымен жүріп, осы күнге дейін шарапты ауызына алмай келеді. Ал Мен сендерге жиі-жиі айта берсем де, сендер Маған еш мойынсұнған емессіңдер.
Выбор основного перевода