Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құда түсіріп, айттырып қойған қалыңдықтарыңды бөтен біреулер алып, олармен жақындасады. Салған үйлеріңде өздерің тұра алмайсыңдар, отырғызған жүзімдіктеріңнің жемісін ешқашан жемейсіңдер. оларға былай деді: «Мен бүгін сендерге нықтап айтқан осы сөздерді түгелдей жүректеріңе жазып, жаттап алыңдар! Содан бұл Таурат заңының барлық сөздерін балаларыңа үйретіп, сақтап орындауды өсиет етіңдер! Сол бұйрықтар жай сөздер емес, олар сендерге (рухани игілікке толы) өмірді алып келеді. Оларды ұстанатын болсаңдар, Иорданның арғы жағындағы иемденгелі тұрған елдегі өмірлерің ұзақ болады». Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:Сол мерзімінде жемісін береді,Жапырақтары кеуіп те сембейді,Не істесе де, ол табысқа жетеді. Әділ жан құрма ағашындай өркендейді,Ливандық самырсындай өсіп биіктейді, Жаратқанның үйінде ол тамыр жаяды,Құдайымыздың ауласында құлпырады, Жасы ұлғайса да, жемісін береді,Шырынды, ширақ болып қала береді, Жаратқан Ие ант етіп, мынадай уәде берген еді, соны Өзінің құдіретті оң қолымен ешбір шүбәсіз іске асыратын болады:— Енді қайтып сені жауларыңа жеңілдірмеймін! Оларға астығыңды тамақ етіп тапсырмаймын, әрі ауыр еңбек сіңіріп шығарған жүзім шырыныңнан да бөтен елдіктерге тегін ішкізбеймін! Қайта, өнімді жинағандар жеп, Маған, Жаратқан Иеге, шүкірлік етпек. Жүзімді жинағандар да оның шырынын Менің киелі үйімнің ауласында мейрамдап ішетін болады.
Выбор основного перевода