Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Құдай Ие жыланға үкім шығарып: «Осылай істегенің үшін барлық малдар мен аңдардың ішіндегі сені қарғыс атқан. Өмір бақи жер бауырлап, топырақ жеп өт! Сол заманда қасқыр қозымен тату-тәтті тұрып, қабылан лақпен бірге тынығады. Бұзау, мықты жас арыстан және бордақы өгіз де қатарласып бірге жататын болады. Бәрін бір жас бала айдап, баға алады. Сиыр мен аю қатар жайылып, бұзаулары мен қонжықтары бірге тынығып, арыстан өгіз сияқты сабан, шөп жейді. Сәбилер сұр жыланның інінің қасында ойнап, балдырғандар зәрлі жыланның ұясына қолын емін-еркін тығатын болады. «Бүкіл қасиетті тауымда ешқандай зұлымдық пен қиянат жасалмайтын болады», — дейді Жаратқан Ие. Себебі теңіздің суға толы болатынындай, жер де Жаратқан Иені жақыннан танып, қастерлеген адамдарға солай толы болады!
Выбор основного перевода