Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Уа, Исраил,) Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет! Оның атымен ғана ант беретін бол! Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! Сенің қолыңа рухымды тапсырамын.Уа, Ием, шынайы Құдай, Сен мені құтқардың. Патшаның есімі мәңгілікке ұлассын,Күннің сәулесіндей ұзаққа созылсын,Ол арқылы барлық ұлттар жарылқансын,Есімі оның үздіксіз мақталатын болсын! «Естеріңе бұрынғыны алмаңдар,Бұдан былай баяғыны ойламаңдар! Аузымнан тек шындық шығады, Мен сөзімнен қайтпаймын. Өз атыммен былай деп ант етемін: Менің алдымда әрбір адам тізе бүгіп, тіл біткен әр пенде Маған ант беріп бағынып: «Мәңгі тірі Жаратқан Ие» деген Менің атыммен ант беріп, шындық, әділет және әділдікпен жүріңдер. Содан өзге халықтар сендер арқылы жарылқанып, есімімді даңқтап, мақтан тұтатын болады. Олар бұрын халқымды Бағалдың атымен ант беріп, оған мойынсұнуға үйреткен еді. Егер олар бұдан былай «Мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен» деп ант беретін болып, халқымның ізгі өмір салтын үйренетін болса, онда олар Менің халқымның бір бөлігіне айналып, олардың арасында тамыр жаятын болады. Сонда Исраил келіп, Сион тауында қуаныштан айқай салады. Олар Жаратқан Иенің берген игіліктеріне: астық, жүзім шырыны және зәйтүн майына, ірілі-ұсақты малдарының төлдеріне мәз-мейрам болады. Халқым мол суғарылатын бақ сияқты гүлденіп, енді қайтып қасіреттен түңілмейді.
Выбор основного перевода