Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, Осы әділетсіз іс-әрекеттеріңе бола сендердің бастарыңа зор қауіп төніп тұр! Ол шығыңқы жерлері мен жарықтары бар, құлауы әбден ықтимал биік қабырғаға ұқсайды. Сондай қабырға бір-ақ сәтте, күтпеген жерден құлап, қирайды да, қыш құмыра сияқты паршаланып сынып қалады. Одан ең болмағанда ошақтан шоқ салып әкелуге немесе құдықтан шөміштеп су алуға жарамды бірде-бір сынық қалмайды. (Сендермен де солай болмақ!) Сендер биік те салтанатты тау бастарына көтеріліп, сол жерлерге азғындық үшін төсектеріңді жайып, құрбандықтарыңды шалып та келесіңдер. Осы халықты сол үшін жазаламай қоя берейін бе? Егер мұндай халыққа лайықтысын қайтармасам, соным дұрыс болар ма еді?!» — деп сұрайды Жаратқан Ие. Ол биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жемейді де, Исраил халқы табынатын жалған тәңірлерге сиынбайды да. Ол өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзбайды, етеккірі келіп жүрген әйелімен де жақындаспайды. Сондықтан, ей, пендем, Исраил халқына тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Маған қарсы осындай опасыздық жасаулары арқылы сендердің ата-бабаларың да Мені қорлайтын. Мен оларды өздеріне беруге салтанатты түрде ант еткен елге алып келдім. Бірақ олар көздері түскен әрбір биік төбе басында және жапырағы жайқалған ағаштың түбінде (жалған тәңірлеріне арнап) құрбандықтарын шалып, сый-тартуларын ұсынып, қаһарымды қоздырып жүрді. Бұған қоса солардың құрметіне хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартуларын да құйып ұсынды.
Выбор основного перевода