Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие әділдерге назар аударады,Өзіне жалынған оларға құлақ салады. Уа, Иерусалимде тұратын Сион халқы, бұдан былай сендер жыламайсыңдар. Азапталып, Жаратқан Иенің құтқаруын сұрап шақырсаңдар, Ол сендерге рақым көрсетеді. Дауыстарың құлағына шалынысымен-ақ Ол сендерге жауап береді. Сол кезде Оны шақырасың және Жаратқан Ие жауап береді. Көмек сұрап жалбарынғаныңда Ол: «Саған жар боламын!» деп сені жігерлендіреді.«Араларыңнан езгі атаулыны алып тастаңдар, сырттай өсектеу мен тіл тигізуді де доғарыңдар! Мен сиынып жатқан сол кезде-ақ алғашқы көріністе адам кейпінде көрген Жәбірейіл періште лезде ұшып келді. Бұл кешкі құрбандық ұсынылатын уақыттың шамасы еді.
Выбор основного перевода