Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Расында адамдардың әділетсіздігі от іспетті лаулап жанып, тікенді бұталарды әрі жантақ, ошағанды жалмап, ну орманды да өртеп жібереді. Түтін бағаналары зәулім биікке дейін көтеріледі. Жаратқан Иенің сөзін терең қастерлеп, орындайтындар, Оның мына айтқандарына ден қойыңдар:— Сендерді Маған бола жек көріп, шеттетіп келген бауырластарың: «Жаратқан Ие Өзінің салтанатты ұлылығын паш етіп алсын! Мүмкін, сонда қуанғандарыңды көретін шығармыз» деп мысқылдап жүр. Бірақ олар өздері масқара болады! Уа, Яһуда мен Иерусалимнің халқы! Өздеріңді толықтай Жаратқан Иеге арнаңдар, Оған жүректеріңді де түгелдей бағыштаңдар! Әйтпесе сендердің жасаған барлық күнәларыңнан Менің қаһарым жалындай лап етіп, оттай лаулайтын болады. Сонда оны ешкім сөндіре алмайды. Ал мұны көргенде парызшылдар Оның шәкірттеріне:— Ұстаздарың неге салықшылармен және басқа күнәкарлармен бірге тамақ ішіп отыр? — деп наразылық білдірді. Өздерінің әділдігіне нық сеніп, басқаларды менсінбей жүрген кейбір кісілерге Иеміз мына астарлы әңгімені айтып берді: — Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы екен. Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, барлық тапқан табысымның оннан бір бөлігін қайыр-садақаға беріп тұрамын». Ет жейтін бауырлас одан бас тартқанды менсінбей жүрмесін. Ал еттен бас тартқан бауырлас оны жейтінді айыптамасын, өйткені Құдай соны да қабылдады.
Выбор основного перевода