Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда шынайы емессіңдер, істерің де түкке тұрғысыз! Сендерді таңдап алып, құлшылық етуші әркім әбден жексұрын! Көріп тұрсыңдар ма, сол тәңірсымақтардың бәрі де жалған: істегендері бекершілік және мүсіндері құр жел мен қиял іспетті түкке тұрғысыз!» Ал табынғандар жалған тәңірлергеҚоладан құйылған мүсіндеріне:«Құдайымыз сенсің» деп бас ұрады,Содан беттері күйіп масқара болады! Жалған тәңірлерге табынатын ұлттар жиналып, барлық халықтар бас қоссын! Араларындағы кім (Исраилдің құтқарылуын) алдын ала жариялап, өтіп кеткен оқиғаларды да білдіре алды? Олар айғақтарын шығарып, өздерінің дұрыстығын дәлелдесін! Осылай айтқандарының шынайылығы айқын көрінсін». Алайда адамдар (екіжүзділік жасайды. Олар Маған арнап) бұқаларды құрбандыққа шалып, (сонымен қатар жалған тәңірлерге арнап) кісілерді де өлтіреді! Алдыма тоқтылары мен астықтан сый-тартуларын алып келушілер мойнын үзген иттерді және шошқаның қанын да ұсынады. Маған арнап хош иісті заттар түтетіп, пайдасыз тәңірлерге де мақтау айтады. Бұл адамдар Менің емес, өз жолдарын таңдап алды. Олар жасаған жексұрын қылықтарынан тіпті рақат табады.
Выбор основного перевода